Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер өліміне қатысты істі қайтадан қарай бастады. Істі қарау аяқталуға таяғанда судья ауысып, процеске қатысушылар мен көптеген куә қайта жауап беретін болды. "Жақындарымыздың қалай тұншыққанын, қалай өлгенін басынан бастап тыңдауға тура келді", – деді жәбірленушілер.
Коммерциялық емес CREA зерттеу ұйымы Теміртау металлургия комбинатының қаладағы ауа сапасына экологиялық ықпалы туралы баяндамасында зауыт ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мыңдаған жергілікті тұрғынның өліміне себепші болды деген қорытынды жасаған. Азаттық зерттеу авторларының бірімен әңгімелесті.
Қазақстан халқының 12 пайызға жуығы – зейнеткер. БҰҰ классификациясы бойынша, халқының 7 пайызынан көбі 60 жастан асқан адамдар болса, ол ел қартаюшы санатына енеді. Қарттықты немере бағып, той-жиында бата беру деп қабылдайтын қоғамдағы дәстүрлі түсінік кейінгі жылдары өзгерген. Қазіргі қарттардың көбі әлі де белсенді, бойындағы күш-жігерін пайдалы жұмсағысы келеді. Әлеуметтанушылар олардың бұл ресурсын тиімді пайдаланған жөн дейді.
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы алты айында, ресми дерек бойынша, кәмелетке толмаған мыңнан аса екіқабат қыз есепке алынған. 170-тен астамы аборт жасатқан. Дәрігерлер жасы жетпей бала көтеру жасөспірім қыздың өміріне қауіпті екенін ескертеді. Ондай қыздар арасында зорлық көріп, аяғы ауыр болғандар да бар. Бұл оларға физиологиялық, моралдық, психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді, мінез-құлқы түбегейлі өзгереді дейді мамандар.
Алматылық журналист Қойшыбек Мүбарак — Qazaq Times сайтының бас редакторы. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше қаланың арасында қатынап, соттардан хабар таратты. Журналист 92 мыңнан аса қолданушы жазылған Youtube-арнасына жариялап жүрген видеоларды өзі түсіреді.
Эколог әрі су ресурстары саласының маманы, EcoMind экожүйе шешімдері орталығының жетекшісі Арман Өтепов экожүйе тұрғысынан қарастырса, Сырдарияны ғана емес, онымен бірге Аралды да құтқаруға болатынына сенімді. Ол басқа да шаралармен бірге барлық гидротехникалық құрылғыны алып тастауды ұсынады.
Тастүбек – Арал теңізінің жағалауында орналасқан шағын ғана балықшылар ауылы. Аралдың суы тартылғанда мұндағы тіршілік те тоқтап қалды деуге болады. Көкарал бөгетін салғаннан кейін теңіздің солтүстік бөлігіне су келіп, сумен бірге балықшылар да оралды. Қазір солтүстік Арал тағы да тартылып, су азайып барады, бірақ Тастүбектің тіршілігі атам заманнан бері өзгермеген: балықшылар күн сайын ау салады да, соған түскен азғантай олжасын жинап алады.
Шымкентте қала әкімдігінің тапсырысымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысында еңбек еткен ондаған мердігер жұмысшы істеген жұмысына еңбекақы төлеуді талап етті. Олардың алды жеті айдан бері жалақысыз жүргенін айтты. Құрылыс компаниясы "төлейміз" деп уәде береді.
Сардоба – суды жинап, сақтауға арналған ертедегі гидротехника құрылысы. Орта ғасырларда Орталық Азияның қуаңшылық жайлаған аудандарында кең тараған. Қайнар сардобасы – бізге дейін жеткен аздаған құрылыстың бірі. Ол Өзбекстан аумағында, Сырдарияның бір саласы Ахангаран өзеніне жақын маңда орналасқан.
Қарағанды ферроқорытпа зауытында жарақат алған жұмысшының денсаулығына келген зиян үшін өтемақы төлеуді талап етіп жүргеніне үшінші жыл. Ол кәсіпорынға иелік ететін компанияны сотқа берген, ал кәсіпорында жақында тағы да төтенше оқиға болып, кісі өліміне әкеп соқты.
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев зейнетке шыққан соң шалғай ауылға көшіп, асыл тұқымды мал өсіруге кіріскен. Бюрократиялық жүйенің кеселіне кезіккен шаруа үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары неге іске аспайтыны жайлы ой-пікірін Азаттыққа айтып берді.
Панчшанбе – Тәжікстандағы ең үлкен базар және Орталық Азиядағы ірі базарлардың бірі. Тарихы тым тереңде жатқан сауда орны қазір әлемнің әр түкпірінен келетін мыңдаған туристің назарын аударып тұр әрі Тәжікстандағы екінші үлкен қала Хожанттың ең көрнекі жері. Базар мен Сырдария біртұтас: мұнда сатылатын дүниенің бәрі осы өзеннің жағалауында өсірілген.
Тағы