Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

21:28 26.3.2020

Жамбыл облысында үшінші адамнан вирус табылды

26 наурыз кешкі сағат 23.55-дегі дерек бойынша, Жамбыл облысында тағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде қазір 113 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 40 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

23:24 26.3.2020

Әлемде вирус жұқтырғандар жарты миллионнан асты

  • 26 наурыз түнгі 11-де әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 510 мың адамнан асты. 22993 адам қайтыс болды. 120983 адам дертінен айықты.
  • Италияда қаза болғандар 8165 адамнан асып кетті. Бұл елде вирус жұқтырғандар Қытайға (81782) жуықтап қалды – 80539 адам.
  • Ал Иранда вирус анықталғандар 30 мыңға жуықтап қалды. Бұл елде вирустан 2234 адам қайтыс болды.
  • Қытайда бір аптадан бері вирус жұқтырғандар азайып келеді. Елде вирус жұқтырғандардың көбі шетелден келген. Вирус алғаш шыққан Хубэй провинциясындағы екі айға жуық созылған карантин алынды.
  • АҚШ-та вирус жұқтырғандар 75 мыңнан, қаза болғандар мыңнан асты.
06:58 27.3.2020

Алматыда жеті адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

27 наурыз таңертеңгі сағат 7.50-дегі дерек бойынша, Алматыда тағы жеті адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде қазір 120 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 47 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

07:30 27.3.2020

АҚШ вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты

Нью-Йорктегі Тайм-сквер алаңы.
Нью-Йорктегі Тайм-сквер алаңы.

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Worldometer сайтының дерегінше, 26 наурызда АҚШ-та науқастар саны 82 мыңнан асқан. Эпидемия басталған уақыттан бері мұнда 1177 адам коронавирустан қайтыс болған (Қытайда - 3287 адам). Бейсенбі күні бір күнде 10 мыңнан астам адамға вирус жұққаны белгілі болды. 24 сағат ішінде 150 адам көз жұмған.

Әсіресе Нью-Йорк штатында жағдай ауыр. Мұнда 37 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо вирус жұқтырғандар саны көп болғандықтан ауруханалар, медициналық мекемелер толып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Жағдайы ауыр науқастарға қолданылатын өкпені жасанды түрде желдететін аппарат жетпей қалуы ықтимал. Нью-Йорк және АҚШ-тың өзге штаттарында карантин жарияланды.

Конгрестің өкілдер палатасы 27 наурызда пандемия жағдайында экономика мен азаматтарды қолдау туралы заң жобасын мақұлдайды. Пакет құны 2 трлн доллар деп айтылады.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтап қалды. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 27 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 530 мыңнан асты. 24 мыңнан аса адам қаза болып, 120 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG