Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

23:11 22.3.2020

Қазақстанда 60 адам коронавирус жұқтырды

Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 22 наурыз 23.50-де Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сонымен, 22 наурызда Қазақстанда алты адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Алматыда үш адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Ақтөбе облысында бір адам жұқтырған.

Қазір Қазақстанда барлығы 60 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Алматы қаласында - 25 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам коронавирус жұқтырды.

07:40 23.3.2020

АҚШ-та бір күнде 8 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды

Алыстан сөйлесіп тұрған көршілер. АҚШ, 20 наурыз 2020 жыл.
Алыстан сөйлесіп тұрған көршілер. АҚШ, 20 наурыз 2020 жыл.

Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Бір күн ішінде 112 адам инфекциядан қайтыс болды. Елде вирусты жұқтырғандар саны 32 мың адамға жетті. Осылайша АҚШ вирус көп табылған әлемдегі үшінші мемлекетке айналды. Нью-Йорк, Вашингтон және Калифорния тұрғындарынан вирус көп табылып жатыр. Эпидемия басталған уақыттан бері елде 400-ден астам адам көз жұмған.

АҚШ-та соңғы күндері вирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Бұл инфекцияның таралуымен қатар сынақтардың жиі өтіп жатқандығымен байланысты. Қазіргі кезде шамамен 200 мың Америка азаматы коронавирустан тексерілген. Президент Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс те тестен өткен. Олардан вирус табылмады. Коронавирус сенатор Рэнд Полд мен екі конгрессменнен анықталды.

Жексенбі, 22 наурызда Ақ үй баспасөз хатшысы Вашингтон штатын "ірі апат аймағы" деп тану туралы мәлімдеме таратты. Дональд Трамп штаттар мен муниципалитеттерге коронавируспен күрес бойынша көмек көрсетуді тапсырды.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) короонавирусты 45 минуттың ішінде анықтайтын алғашқы жылдам тестті мақұлдаған.

07:57 23.3.2020

Канада Токио 2020 олимпиадасына спортшыларын жібермейді

Канаданың олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитетін (ХОК) Токио ойындарын бір жылға шегеруге шақырды деп хабарлады Reuters агенттігі.

Коронавирус қаупіне байланысты спортшыларын Токио олимпиадасына жібермейтінін айтқан Канада бүкіл әлем "дағдарыста тұр, халық денсаулығы спорттан әлдеқайда маңызды" деді.

Мұның алдында Халықаралық олимпиада комитеті биыл жазға жоспарланған Токио олимпиада ойындарына қатысты шешімді төрт апта ішінде қабылдайтынын мәлімдеген. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ алғаш рет "олимпиада ойындары шегерілуі мүмкін" деп мәлімдеді.

08:24 23.3.2020

Германия канцлері Ангела Меркель үйден жұмыс істей бастады

Германия канцлері Ангела Меркель кабинет жиынында. Берлин, 18 наурыз 2020 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель кабинет жиынында. Берлин, 18 наурыз 2020 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель жексенбі, 22 наурызда үйде қалып, карантин режиміне көшті. Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберттің сөзіне қарағанда екі күн бұрын Меркель барған дәрігерден коронавирус табылған. Ол кезде дәрігер Меркельге пневмомок инфекциясына қарсы екпе салған.

Ангела Меркель бірнеше күн бойы коронавирус бойынша тестен өтпек. Ол қызметтік міндетін карантин жағдайында үйден атқара береді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG