Accessibility links

Reuters: "Хезболла" шекарада израильдіктердің шабуылына тойтарыс берді


Ливанның оңтүстігіндегі аудандардың бірі Израиль шабуылынан кейін. 9 қазан 2024 жыл.
Ливанның оңтүстігіндегі аудандардың бірі Израиль шабуылынан кейін. 9 қазан 2024 жыл.

Ливандық радикал "Хезболла" тобы сәрсенбі күні шекара аумағындағы елді мекенде Израиль әскеріне тойтарыс бергенін хабарлады.

Reuters агенттігінің жазуынша, шайқас Ливан шекарасындағы таулы аумақта жалғасып жатыр.

АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы Израиль әскерінің жоспарын талқылаған. Ақ үй әңгіме болғанын хабарлағанмен жай-жапсарына тоқталмады.

Reuters Израиль ақпарат құралдары жариялаған қорғаныс министрі Йоав Галланттың мәлімдемесінен үзінді келтірді.

"Біз тұтқиылдан шабуылдап, жауап береміз. Олар не болғанын түсініп те үлгермейді, бірақ нәтижесін көреді" деді Израильдің қорғаныс министрі.

Таяу Шығыста Иран күштерінің жақында Израильге жасаған зымыран шабуылына жауап күтіп отыр деп жазды Reuters.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG