Ресей соты Навальныйды қамауда қалдырды. ЕО Мәскеуге санкция сала ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей президенті Владимир Путин мен оның маңындағыларды сынап, жемқорлық фактілерін әшкерелейтін оппозиционер Алексей Навальныйды қудалау әлі жалғасып келеді. Өткен апта соңында сот оны қамауда қалдырып қана қоймай, басқа бір айыппен үлкен көлемде айыппұл салды. Адам құқығын бұзу фактісінің жиілеуі Ресейге санкция салу жөніндегі талқыны күшейтті.