Қазақстан - Буркино-Фасо

Қазақстан құрамасы ойын алдында. Алматы. 12 мамыр 2015 жыл. (Сурет ҚФФ баспасөз қызметінен алынды).

Қазақстан өз тарихында екінші рет Африка елімен матч өткізді. Алғаш рет 1992 жылы Қазақстан Ливиямен жолдастық матч ойнап, 1:0 есебімен жеңген.

ФИФА рейтингінде Қазақстан 134-орында, Буркино-Фасо 66-орында тұр. Қазақстанның қарсыласы 2013 жылы Африка кубогының финалына шыққан. Алайда Алматыдағы матчтқа Буркино-Фасоның негізгі ойыншылары келмеді. Негізгі құраманың футболшылары Европа клубтарында ойнайды. Ал дәл қазір Европа елдерінде футбол маусымының қызған шағы.

2010, 2014 жылғы әлем чемпионатында, 2012 жылғы Лондон олимпидасында төрелік еткен өзбекстандық Равшан Ирматов (оң жақта) Алматыдағы матчта төреші болды. Алматы. 12 маусым 2015 жыл. (Сурет ҚФФ баспасөз қызметінен алынды)

Қазақстан мен Буркино-Фасо матчын тамашалауға келген жанкүйерлер. Алматы. 12 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан - Буркино-Фасо ойынынан көрініс. Алматы. 12 маусым 2015 жыл

Қазақстан құрамасының шабуылдау сәті.  Алматы. 12 мамыр 2015 жыл

Қазақстан құрамасы биыл үшінші рет жолдастық матч өткізіп, барлығында тең түсті. Осыған дейін Молдова (1:1) және Ресей (0:0) құрамасымен ұпай бөліскен. (Сурет ҚФФ баспасөз қызметінен алынды)

Матч кезінде Қазақстан құрамасының ұйымдастырған бір шабуылы қақпа бағанасына тиді. Ойын кезінде алаң иелері тоғыз бұрыштама добын орындады.Алматы. 12 мамыр 2015 жыл. (Сурет ҚФФ баспасөз қызметінен алынды)

Матч аяқталған сәт. Енді Қазақстан құрамасы 7 маусымда Евро-2016 іріктеу турнирі аясында Түркиямен кездеседі. Ал 12 маусымда тағы бір африкалық команда Кабо-Вердемен жолдастық матч ойнайды. Екі матчта Алматыдағы стадионда өтеді.Алматы. 12 мамыр 2015 жыл.

Матчтан кейін Буркино-Фасо құрамасының бас бапкері Траоре Идрисса "Қазақстан футболшыларының ойыны европалық және ресейлік стильге ұқсас" деді.

Матчтан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан "Ойында жеңіске жете алмағанымызға таң қалып отырмын. Ойыншылар жаман ойнаған жоқ. Бірақ қарсыласымыз қорғаныста өте мықты ойнады" деді.

Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы африкалық Буркино-Фасо құрамасымен жолдастық матч өткізді. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.