Саяжайлары бұзылмақ тұрғындар әкімдіктен араша сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Астанадағы "Көктал" ықшамауданына қарасты "Полянка" өндірістік кооперативіне тиесілі саяжайдың отыздан астам тұрғыны Сарыарқа аудандық әкімдігіне келді. Олар әкімдік үйлерін заңсыз бұзып, жерлерін тартып алғалы отыр десе, әкімдік өкілдері олар салып алған үйлердің құжаты жоқ екенін айтады.