Еуропа ойындары аяқталды

Жабылу салтанатында 200  жуық бишінің "Жібек биін" билеп жатқан сәті. ​Баку, 29 маусым 2015 жыл.

Жабылу салтанаты кезінде Бакудегі Ескі шаһар макетінің алдында әзербайжан ұлттық биін билеп жатқан ер адамдар. ​Еуропа ойындарының жабылу салтанатына 2000 жуық өнерпаз қатысты. Баку, 29 маусым 2015 жыл.

Еуропа ойындарының жабылу салтанатынан көрініс. ​Баку, 29 маусым 2015 жыл.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, жабылу салтанатына 10 мың дана отшашу қолданылған. ​Баку, 29 маусым 2015 жыл.

Еуропа олимпиада комитетінің президенті Патрик Хикки алда уақытта өтетін барлық Еуропа ойындарының алауы алдымен Бакуде тұтанатынын мәлімдеді. Алайда 2019 жылғы ІІ Еуропа ойындары қай қалада өтетіні әлі белгісіз.

Ресей құрамасы 79 алтын, 40 күміс, 45 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ресей спорт министрі Виталий Мутко "біз алдағы уақытта Европа ойындарын ұйымдастыруды жоспарға енгіземіз. Ресейде Сочи мен Қазанның Европа ойындарын өткізуге мүмкіндігі бар" деді. 

Еуропа ойындарында Әзербайжан 21 алтын, 15 күміс, 20 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды. Үшінші орынды 18 алтын, 10 күміс, 19 қола медалімен Ұлыбритания құрамасы иеленді. 

Еуропа ойындарына Әзербайжан атынан қатысқан 291 спортшының 90-ы басқа елдерден келген легионерлер. Олардың көбі Ресей (33) мен Украинадан (23) шақыртылған. Сондай-ақ Эфиопиядан - төрт жеңіл атлет, АҚШ-тан- екі, Ямайка мен Литвадан бір-бір баскетболшы келген. Баку, 29 маусым 2015 жыл.​

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев күрес, бокс, каратэ, таэквондо жарыстарына жиі тамашалап, жергілікті спортшылар алтын алса өзі мараппаттап отырды. 

Әзербайжан атынан жарысқа қатысқан эфиопиялық жеңіл атлет Чалту Беджи допингпен ұсталып, оның ойындарын кезінде көрсеткен нәтижесі жойылды. 

Ресейлік Яна Кудрявуева көркем гимнастикадан төрт алтын иеленіп, Еуропа ойындарының мультимедалистерінің қатарына кірді. Жүзуден Арина Опенышева (Ресей) Бакуде жеті алтын, бір күміс медаль жеңіп алды. 

Еуропа ойындарының ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастырушы компанияның өкілі, ұлыбританиялық азамат қаладағы жол апатынан қаза тапты. Ал жарыс басталар алдында атлеттер қалашығында австриялық спортшыларды автобус қағып кетіп, зардап шеккен бірнеше спортшы арнайы ұшақпен елдеріне қайтарылған еді. Баку. 23 маусым, 2015 жыл.