Еуроодақтың ең жоғарғы саяси органы Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамынан шығаруды ұсынды.
"БҰҰ Қауіпсіздігі кеңесінің тұрақты мүшесі жоқ жерден соғыс бастаса, оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі автоматты түрде тоқтатылуы тиіс. Бұл соғысты БҰҰ Бас ассамблеясы да айыптаған" деді БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йорктегі сессиясында сөйлеген Шарль Мишель. Ол сөз сөйлеген кезде экраннан Ресей делегациясын көрсетті.
The EU is not asking anyone to choose between East and West, North or South. But there is a choice to be made.The EU%27s choice is respect for borders, rather than aggression. It%27s cooperation rather than threat. It%27s rules-based order, rather than the law of the strongest.#UNGA pic.twitter.com/bYJFKfiwE7
— Charles Michel (@CharlesMichel) September 23, 2022
Үзіліс кезінде Мишель POLITICO басылымына мобилизациядан қашып жатқан ресейліктер туралы пікірін айтты. Оның айтуынша, Еуроодақ "Кремльдің құралына айналғысы келмейтіндерге ашықтық танытуы" тиіс. Мәселе Еуроодақ елшілерінің 26 қыркүйектегі кездесуінде талқыланады.
- Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де Ресейді Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның өзге құрылымдарынан шығаруға үндеген.
- БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Ресеймен қатар Ұлыбритания, АҚШ, Қытай және Франция тұрақты мүше. Аталған бес елдің әрқайсысы Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына вето қою құқығына ие.
- Мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдаудан Еуроодақ мүшелері Латвия, Эстония, Литва бас тартқан. Финляндия да еліне оралғысы келмейтін ресейліктерге виза бермейтін болды. Ал Германия "мобилизациядан қашу – баспана алуға негіз бола алады" деп мәлімдеді.