Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:52 28.3.2020

Әлемдегі жағдай. Испанияда бір күнде 823 адам қайтыс болды

Коронавируспен күресіп жатқан испаниялық дәрігерлер. 2020 жылдың наурызы
Коронавируспен күресіп жатқан испаниялық дәрігерлер. 2020 жылдың наурызы

Испания денсаулық сақтау министрі 24 сағатта коронавирустан 823 адам қайтыс болғанын, елде барлығы 5690 адам көз жұмғанын хабарлады. Испанияда 72248 адам вирус жұқтырды. Қазір Испания – коронавирустың эпицентріне айналған елдердің бірі.

Иранда 24 сағатта 3000 адамнан вирус табылды. Қазір бұл елде 35400 адам дертке шалдыққан. Қайтыс болғандар – 2517 адам.

Түркияда бір апта ішінде вирус жұқтырғандар 5698 адамға жетті. 92 адам көз жұмды. Ел билігі пойыздарды, автобустарды, халықаралық рейстерді тоқтатып жатыр. Тұрғындардың басқа қалаға баруына тыйым салынды.

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар мыңнан асты.

Вирус шыққан Қытайдың Ухань қаласы екі ай карантиннен кейін жартылай ашылды. Халық қалаға кіре алады. Бірақ қаладан шығуға әлі рұқсат жоқ.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 615 адамнан вирус табылды. 28717 адам қайтыс болды. 135735 адам дерттен айықты.

21:34 28.3.2020

Тағы 20 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Вирус жұқтырғандар - 228 адам

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыз 22.00-дегі дерегі бойынша, елде тағы 20 адамнан (Нұр-Сұлтанда 18, Алматы қаласы мен Ақмола облысында бір-бір науқас) коронавирус табылды.

Елде барлығы 228 адамнан вирус жұқтырды. Министрлік Алматыда тағы бір науқастың Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады. Қазірге дейін елде барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

Вирус жұқтырған 228 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 135 адам
  • Алматыда - 59 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысында - 5 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.
23:21 28.3.2020

Атырауда медбикеден коронавирус табылды

Атырау облысында бүгін, 28 наурызда вирус жұқтырған бір адам медбике. Бұл туралы үкіметтің Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Медбике 17 наурызда Алматы-Атырау рейсмен келген жолаушыдан анализ алған. Вирус жұқтырған медбикемен байланыста болған 27 адам карантинге жатқызылды. Атырау облысында барлығы бес адам Covid-19 дертіне шалдықты.

Елде барлығы 228 адамнан вирус жұқтырды. Қазірге дейін елде барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

00:26 29.3.2020

Алматыда вирус жұқтырғандар алпыс адамға жетті

29 наурыз 00:50-де денсаулық сақтау министрлігі Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Елде барлығы 229 адамнан вирус жұқтырды. Қазірге дейін елде барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

Вирус жұқтырған 229 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 135 адам
  • Алматыда - 60 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Атырау облысында - 5 адам
  • Алматы облысында - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG