Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

21:31 27.3.2020

Нұр-Сұлтанда - алты, Ақмола облысында екі адамнан вирус табылды

Нұр-Сұлтанда базар маңын залалсыздандырып жүргендер. 20 наурыз 2020 жыл
Нұр-Сұлтанда базар маңын залалсыздандырып жүргендер. 20 наурыз 2020 жыл

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 22.20-дағы дерегіне сай, Нұр-Сұлтанда тағы алты адамнан, Ақмола облысында екі адамнан вирус табылды. Нұр-Сұлтанда 75 адам дертке шалдықты.

Сонымен, 27 наурызда Қазақстанда 32 адамнан вирус табылды. Қазір елде 145 адамға вирус жұққаны анықталды: Нұр-Сұлтанда - 75 адам, Алматы қаласында - 50 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Ақмола облысында екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

22:15 27.3.2020

Италияда бір күнде вирустан 919 адам қайтыс болды

Италия билігі кейінгі бір күнде коронавирустан 919 адам қайтыс болғанын хабарлады. Бұл елде Covid-19 дертінен көз жұмғандар 9134 адамға жетті. 24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылып, елде вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асып кетті. Италия қазір қайтыс болғандар бойынша әлемде бірінші, вирус жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан (96 мыңнан астам адамнан вирус табылды) кейін екінші болып тұр.

Испанияда бір күнде 569 адам қайтыс болды. Қазір бұл елде барлығы 64 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4934 адам көз жұмды.

Вирус алғаш тараған Қытайда кейінгі бір күнде 55 адамнан вирус табылып, бес адам қайтыс болды. Бұл елде күн сайын вирус жұқтырғандар азайып келеді.

Джон Хокинс университетінің дерегінше, 27 наурызда әлемде коронавирус жұқтырғандар 566 мыңнан асты. 25423 адам қайтыс болды. 127768 адам дертінен

22:22 27.3.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 150 адамға жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 23.15-тегі дерегіне сай, Алматыда тағы бес адамнан вирус табылды. Қазір бұл қалада 55 адам дертке шалдыққан.

Ал елде қазір 150 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтанда - 75 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы төрт науқас: Алматыда - үш, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

22:46 27.3.2020

Коронавирус кезінде тұрғындарды аңду күшейді

COVID-19 коронавирусы қаупінен соң көп елдің билігі халықты жаппай аңдуға көшті. Мәскеуде карантин тәртібін бұзған жүздеген адамды полиция видео бақылау камералары арқылы ұстаған. Қытай болса тұрғындарын ұялы телефонға қосымша орнатуды міндеттеп, олардың жүріс-тұрысын бір тәртіпке салған. АҚШ конгресмендері де Ақ үйге хат жазып, алаңдаушылық білдірді. Құқық қорғаушылар билік төтенше жағдайды сылтау етіп саяси қарсыластарын аңди ма деп қауіптенеді.

Коронавирус кезінде тұрғындарды аңду күшейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:51 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG