Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:25 27.3.2020

Оқушылар сабақты қашықтан оқиды

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы 27 наурызда бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қаулы қабылдады.

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте - 16 наурызда басталған еді. Демалыс уақыты үш аптаға созылады.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі қашықтан оқуға қажетті механизмді қарастырып жатқанын хабарлаған. Министр Асхат Аймағамбетов "қашықтан оқуға мүмкіндік беретін" ақпараттық жүйе, видеосабақтар әзірленетінін айтқан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 26 наурызда онлайн өткізілетін сабақ 30 минутқа созылады деген. Оқушыларға берілетін қосымша видеосабақтар телеарналар арқылы көрсетіледі. Биліктің айтуынша, қазір осындай 200 видеосабақ дайын. Тағы 2000-ға жуық өнім әзірленеді.

Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.

16:42 27.3.2020

Ұлыбритания премьері Борис Джонсоннан коронавирус табылды

Борис Джонсон елдегі коронавирус жағдайын баяндап тұр. 24 наурыз 2020 жыл.
Борис Джонсон елдегі коронавирус жағдайын баяндап тұр. 24 наурыз 2020 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Джонсонның өзі Twitter парақшасында хабарлады.

"Кейінгі 24 сағат ішінде аздап симптомдар байқала бастады. Кейін анализімнен коронавирус табылды. Қазір карантинде боламын және үкіметтегі жұмысымды видеоконференция арқылы жалғастыра беремін" деп жазды ол твитінде.

Қазір Ұлыбританияда 11 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 578 адам қайтыс болды. Елде қазір карантин.

16:57 27.3.2020

Атырау облысында вирус жұқтырғандар қайдан келген?

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус табылған үш адамның екеуі шетелден келгенін, біреуі Нұр-Сұлтанда болғанын хабарлады.

- Бірінші науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтан - Атырау рейсімен қалаға ұшып келген. 26 наурызда одан жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері байқалып, анализ алынды. Анализінен коронавирус табылды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Байтолла Ғазизов жұма күнгі брифингте.

Оның айтуынша, екінші науқас 17 наурызда Стамбулдан Алматы арқылы Атырауға ұшып келген. Нұр-Сұлтанда вирус табылған адамдармен байланыста болғандықтан тексеруден өткен.

Үшінші науқас 26 наурызда Амстердам - Атырау рейсімен ұшып келген. Ұшақта болған жолаушылар карантинге жіберіліп, анализ алынған.

"Қазір олардың жағдайы орташа, карантинде жатыр. Дәрігерлер бақылауында. Олармен байланысқан адамдарды оқшаулау жұмысы жалғасып жатыр" деді Ғазизов.

27 наурызда түстен кейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысынан алғашқы үш адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.

17:02 27.3.2020

Адам үйде отырмаса, оқшауланбаса, вирус қалай тарайды? Көз сала отырыңыз.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG