Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

21:10 25.3.2020

Фотогалерея: Қаңырап қалған қалалар

Коронавирус қатты тарап, әлем елдері шетінен карантин жариялап жатыр. Әдетте туристер аяғы көп орындарда қазір адам жоқтың қасы. 25 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 423 мың адам коронавирус жұқтырып, 19 мыңдай адам қаза болды.

00:35 26.3.2020

Алматыда тағы бір адамнан вирус табылды. Қалада 32 науқас бар

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 26 наурызда сағат түнгі бірден өте денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Қазақстанда 81 адамнан вирус табылды: Алматыда - 32 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 454 мың адам вирус жұқтырды. 20550 адам қаза болды. 113045 адам дертінен айықты.

07:05 26.3.2020

Таиланд коронавирусқа байланысты тұтас жабылады

Дәмханада ер адам жылжымалы жәшікпен келген кофесін алып жатыр. Бангкок, 20 наурыз 2020 жыл.
Дәмханада ер адам жылжымалы жәшікпен келген кофесін алып жатыр. Бангкок, 20 наурыз 2020 жыл.

Таиланд коронавирустың таралуын тоқтату үшін 26 наурыздан бастап елге кіріп-шығуды толық тоқтатады. Бейсенбі күннен бастап әуежай, теңіз және шекарадағы бекеттер жабылады. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің коронавирусқа байланысты ерекше бұйрығы қабылданғанға дейін шектеулер күшінде болады.

Төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін созылады. Осы уақыт аралығында стадиондар, сауда нысандары, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, бар, мейрамхана, жағажайлар жұмысын тоқтатады. Азық-түлік дүкендері ғана істейді.

26 наурыздан бастап премьер-министр немесе арнайы құзырлы органның рұқсатын алған адамдар ғана елге кіре алады. Дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, халықаралық ұйым қызметкерлері, әуе және кеме экипажының мүшелеріне ғана елден шығуға рұқсат. Бұған қоса, Таиландқа шұғыл жүк жеткізген жұмысшылар, халықаралық келісімге сәйкес белгілі бір тапсырманы орындаумен айналысқан сыртқы істер министрлігінің хаты бар қызметкерлер елден шыға алады.

Соңғы дерек бойынша, Таиландта 934 адамға коронавирус жұққан. Төрт науқас қайтыс болды. 70 адам айықты.

07:17 26.3.2020

Алматыда кешкі 19.00-де қоғамдық көлік тоқтайды

Көшеде кетіп бара жатқан автобус. Көрнекі сурет.
Көшеде кетіп бара жатқан автобус. Көрнекі сурет.

Алматыда төтенше жағдай режиміне байланысты құрылған шұғыл штаб қоғамдық көліктердің жұмыс сағатын 19.00-ге дейін қысқартты деп хабарлады жергілікті БАҚ.

26 наурыздан бастап қаладағы барлық автобус, троллейбустар, метро кешкі 19.00-ге дейін істейді. Әдетте қоғамдық көлік түнгі 24.00-ге дейін істейтін. Қалада карантин жарияланғаннан кейін қоғамдық көліктердің жұмыс істеу уақыты 21.00-ге дейін қысқарған еді. Енді тағы екі сағатқа қысқарып отыр.

Алматы - коронавирус жұққан адамдар саны жағынан Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтаннан кейін екінші орында тұр. 19 наурыздан бастап екі қалада карантин жарияланған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG