Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:47 24.3.2020

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың жағдайы қалай?

Қазақстанда коронавирус табылған 68 адамның 80 пайызында ауру симптомдары жоқ немесе сәл ғана қызуы көтерілген. Бұл туралы 24 наурызда Қазақстан ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев брифингте хабарлады.

Бұдан бөлек, Абаев Қазақстанда дертке шалдыққан 68 адамның 29-ы вирусты шетелден жұқтырып келгенін, 26 адам ұшақта, 13 адам Қазақстанда жұқтырғанын айтты.

Қазір Covid-19 дертімен Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

19:37 24.3.2020

Қырғызстанда да төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстан Covid-19 пандемиясының таралуын тоқтату үшін елде төтенше жағдай жариялады. 25 наурыздан бастап тұрғындар көшеге шықпай үйде отыруы тиіс. Ел президенті Сооронбай Жээнбековтің төтенше жағдай жариялау туралы жарлығын парламент бірауыздан қолдады. Бішкек, Ош, Жалал-Абад және бірнеше облыста карантин жарияланды. 24 наурыздағы дерек бойынша, бұл елде 42 адамнан вирус табылған.​

Қырғызстанда да төтенше жағдай жарияланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

20:00 24.3.2020

Коронавирус. Қазіргі жағдай бойынша маңызды он дерек

  • Әлемде вирус жұқтырғандар бірнеше күнде 300 мыңнан 390 мыңға жетті.
  • Covid-19 дертінен 17 мыңдай адам қайтыс болды. 100 мыңдай адам дертінен айықты.
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың келесі эпицентрі АҚШ болуы мүмкін деп болжайды. Қазір Америкада 46 мың адам дертке шалдығып, 593 адам қаза болды.
  • Халық саны бойынша әлемдегі екінші ел Үндістан 25 наурыздан бастап үш аптаға толық карантинге жабылады.
  • Халықаралық олимпиада комитеті мен Жапония билігі Токио олимпиадасын 2021 жылға шегерді. Паралимпиада ойындары да келесі жылы өтеді.
  • Қазақстанда вирус табылған 68 адамның 80 пайызында симптом жоқ я сәл қызуы көтерілген.
  • Еуропада вирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып кетті.
  • Куба бүкіл азаматтарын елден шығармайды.
  • Иранда вирустан көз жұмғандар екі мыңға жуықтап қалды.
  • Бүгін, 24 наурызда Сауд Арабиясында және Кабо-Вердеде коронавирустан бірінші адам көз жұмды.
20:32 24.3.2020

Біртанов сәуірдің ортасынан вирус жұқтырғандар азаяды деп үміттенеді

Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде Covid-19 індетіне шалдыққандар 15 сәуірден кейін азая бастайды үміттенеді. Бұл туралы ол министрліктің Facebook парақшасындағы сұхбатта айтты.

“Елде қабылданған карантин шаралары, біздің есебімізше, вирустың тарауын елу пайызға қысқартты. Ал елде төтенше жағдайдың қанша уақытқа созылатыны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Елде коронавирус инфекциясы сәуірдің басында шегіне жетіп, 15 сәуірден кейін вирус жұқтырғандар азаяды деп үміттеніп отырмыз. Егер жағдай ушығып кетсе, төтенше жағдай да созылары сөзсіз. Мұны президент шешеді” деді министр.

24 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 68 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Covid-19 дертімен Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың 80 пайызында симптом жоқ я сәл ғана қызуы көтерілген. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Биліктің дерегінше, Қазақстанда дертке шалдыққан 68 адамның 29-ы вирусты шетелден жұқтырып келгенін, 26 адам ұшақта, 13 адам Қазақстанда жұқтырған.

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG