Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:51 24.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

24 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 64 адамға жетті. Алматыда - 26 адам, Нұр-Сұлтанда - 34 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

08:38 24.3.2020

Ұлыбританияда жалпыұлттық карантин жарияланды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның елде карантин жариялау туралы мәлімдемесін көріп отырған екі бала. 23 наурыз, 2020 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның елде карантин жариялау туралы мәлімдемесін көріп отырған екі бала. 23 наурыз, 2020 жыл.

Ұлыбританияда коронавирус індетіне байланысты жалпыұлттық карантин жарияланды. Бұл туралы 23 наурыз кешке премьер-министр Борис Джонсон хабарлады.

Бұған дейін Италия, Испания, Франция және Еуропаның бірқатар елдері осыған ұқсас шара қолданған.

Жаңа ереже бойынша, Ұлыбритания тұрғындары өте қажет жағдайда ғана үйден шыға алады. Атап айтқанда:

  • Өте қажет тауарлар сатып алу үшін - неғұрлым сирек болса, соғұрлым жақсы;
  • Таза ауада спортпен айналысу үшін - күніне бір рет;
  • Өзгелерге көмектесу үшін;
  • Егер үйден жұмыс істеуге мүмкіндік болмай, жұмысқа баруға тура келсе;

Басқа себептермен үйден шығуға болмайды. Дүкен, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарының басым бөлігі жабылған.

Ұлыбританияда соңғы дерек бойынша, 6500-ден астам адамнан вирус табылған. Соңғы тәулікте мыңға жуық адамға жұққаны анықталды. 335 адам көз жұмған.

08:39 24.3.2020

Алматыда коронавирус жұққан екі адам анықталды

Алматыда тағы екі адамнан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Шамамен бір сағат бұрын министрлік Нұр-Сұлтанда екі адамнан вирус табылғанын хабарлаған.

24 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 66 адамға жетті. Алматыда - 28 адам, Нұр-Сұлтанда - 34 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

08:53 24.3.2020

Нұр-Сұлтанда "блокбекеттерді айналып өтпек болған" үш тұрғын 15 күнге қамалды

Блокбекетті күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Алматы, наурыз айы 2020 жыл.
Блокбекетті күзетіп тұрған күштік құрылым өкілдері. Алматы, наурыз айы 2020 жыл.

Нұр-Сұлтанда үш тұрғын "блокбекеттерді айналып өтпек болғаны үшін" 15 күнге қамалды деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews агенттігі.

Ақпарат бойынша, Қарағандыға апаратын жолда ұсталған жауапкерлердің бірі блокпостарды айналып өтіп, жолаушыларды қалаға апаруға тырысқан, сол үшін 50 мың теңге сұраған. Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша адам таситын екі таксист те карантиндік аймақты бұзуға тырысқан.

Үшеуі де 15 күнге қамалған. Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Алматыда да болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG