Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:30 18.3.2020

Алматыда тағы бір адамнан вирус табылды. Елде вирус жұқтырғандар 36 адамға жетті

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда тағы бір адам Covid-19 дертіне шалдыққанын хабарлады. Қазір Қазақстанда 36 адамнан (Алматыда 18, Нұр-Сұлтанда 18 адам) коронавирус табылды.

17:54 18.3.2020

Covid-19 дерті басқа дерттерге қарағанда қаншалықты қауіпті, қаншалықты тез жұғады? Салыстырып көрдік.

18:34 18.3.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар екі жүз мыңнан асып кетті

Барселона қаласында жүрген адам. 16 наурыз 2020 жыл.
Барселона қаласында жүрген адам. 16 наурыз 2020 жыл.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан, қаза болғандар саны сегіз мыңнан асты. Вирус 170 елден табылды. Вирус шыққан Қытайда кейінгі 24 сағатта 13 адам ғана дертке шалдыққан. Бірақ бұл елде қаңтардың басынан бастап 80800 астам адамға вирус жұғып, 3200 адам қайтыс болды. Дәл қазір вирустан Италия (31000 адамнан вирус табылып, 2500 адам қаза болды), Иран (17300, 1135), Испания (13700, 616), Германия (10 мың, 26), Франция (7700, 175), АҚШ (6400, 116) елдері көп зардап шегіп жатыр. Оңтүстік Кореяда үшінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны жүзден аз. Бұл елде барлығы 8400 адам дертке шалдығып, 84 адам опат болды.

Қазақстанда қазір 36 адам Covid-19 дертімен ауырып жатыр.

19:06 18.3.2020

"Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"

Қазақстанда дәрігерлер коронавирус қаупіне байланысты тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Әлеуметтік желіде дәрігерлер "Сіз үшін жұмыста қалдық, біз үшін үйде болыңыз" деген челлендж бастады.

"Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG